Көпбалалы отбасылардың балаларына білім гранты қалай бөлінеді

Көпбалалы отбасылардың балалары қосымша конкурс аясында білім грантын ала алады. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мәлім етті, деп тілшісі.«Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша қосымша

5 мың грант бөлінді. Ол гранттар жергілікті атқарушы органдармен 5-10 тамыз

аралығында беріледі. Жалпы республикалық конкурс бойынша грантты иеленбегендер

қосымша конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болады. Олар 53 785 гранттың ішіне

кірмейді», - деді вице-министр. Еске сала кетейік, биыл маусым айында Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына

5

мың білім гранты бөлінетінін айтты. «Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған және

көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім

гранты бөлінетін болады. Әзірше 5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмыс істейтін

болса, көре жатармыз», - деді Қ.Тоқаев.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат

Аймағамбетов көпбалалы отбасы балаларына арналған 5 мың грант қалай берілетінін

айтқан еді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе