ҚР мен ҚХР Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанның мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда

ҚР мен ҚХР Бейжіңде Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанның мемлекеттік қызметкерлері үшін біліктілікті арттырудың екі апталық курстарын ұйымдастырды. Бұл туралы Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хабты басқару комитетінің төрағасы Алихан Байменов хабарлады. «Қытайға келуімнің басты мақсаты - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинардың ашылуына қатысу. Мұндай шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб Қытай мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп бұл семинарды ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Тәджікстан және Қырғызстанның 20-дан астам мемлекеттік қызметкері қатысып жатыр», - деді ол Бейжіңдегі «Цзиньтай» музейіндегі тоғызқұмалақ бойынша шеберлік сағаты мен турнирінде қазақстандық журналистерге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб мемлекеттік қызмет саласында білім мен тәжірибе алмасудың халықаралық  платформасы. Оған 31 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым мүше.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе