Бірнеше өңірде сабақтар тоқтатылды

– 24 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде сабақтар тоқтатылды, деп .

Павлодар облыстық Білім беру басқармасының ақпараты бойынша, Павлодар және Екібастұз қалаларында, Баянауыл, Май, Аққулы, Павлодар, Шарбақты аудандарында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптарында сабақ болмайды. Желдің күші 15-20 м/с Шығыс Қазақстан облысында қатты желге байланысты Ұлан ауданы, Тарғын ауылында, Жоғарғы Тайынты ауылында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары оқымайды. Ақмола облыстық Білім беру басқармасының мәліметіне сәйкес, қатты бұрқасынға орай Степногрск қаласында 0-4 сыныптарда, Астрахан, Аккөл, Біржан сал, Сандықтау, Целиноград, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды және Егіндікөл аудандарында 0-11 сынып балалары үйлерінде қалады. Айта кетейік, бүгін елордада 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне оқу процесі тоқтатылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе