ЮНЕСКО Қазақстанның ЖОО-ларында су ресурстары жөнінде арнайы білім модулін енгізеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі мамандандырылған мекемесі (ЮНЕСКО) биыл Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына су ресурстарын басқару бойынша білім модулін енгізеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюро директорының міндетін атқарушы Андрей Шевелев мəлім етті."Көптеген саясаткерлердің пайымдауынша, бірнеше онжылдықтар бұрын мұнай үшін соғыс жүрді, ал болашақта су үшін соғыс басталады. Жуырда Алматыда өткен аймақаралық іс-шара барысында орта азия елдерінің барлығы су ресурстары мен су ресурстарын басқару мәселелеріне қатысты алаң ойларын айтқан еді»,-дейді А.Шевелев.

Оның айтуынша, ЮНЕСКО үнемі су ресурстары мәселесіне қатысты зерттеу жүргізіп, осы салада ынтымақтастықты нығайтып келеді.

«Біз су ресурстары саласында, соның ішінде, ұлттық және трансұлттық деңгейдегі мұздықтар саласында ынтымақтастықты дамытамыз. Қырғызстан мен Өзбекстан арасында суға қатысты проблеманың болғанын да жақсы білесіздер. Сондықтан, біз су ресурстары мен су ресурстарын басқаратын мамандықтардың білімін күшейтіп, потенциалын арттыратын шараларды қолға алмақпыз. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында су ресурстарын басқару жөніндегі арнайы оқу модулін енгіземіз», - деп хабарлады ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе