19-20 желтоқсанда ТМД сарапшылары білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі құжаттар жобасын қарастырады

АСТАНА. 19 2012 жылдың 19-20 желтоқсаны күндері Минскіде ТМД Атқарушы комитетіндеТәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығына қатысты құжаттар жобасын келісу бойынша сараптама тобының отырысы өтеді.

Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Атап айтқанда, сарапшылар ортамерзімді болашаққа білім беру саласындағы ынтымақтастықтың басымдықты іс-шаралары Жоспары жобасын және ТМД мемлекеттерінің азаматтарына Достастық елдерінің білім беру мекемелеріне түсуге және білім алуға тең құқық беретін Келісімнің жобасын талқылауды көздеп отыр.

Құжаттарға қол қойған тараптар білім беру ұйымына қабылдау ережелерін реттейтін нормативті-құқықтық актілерді бір-біріне ұсыну бойынша, білім берудің тиісті деңгейінде мемлекеттік үлгідегі құжаттарды ресімдеуге және беруге қатысты міндеттемелерді алады. ТМД елдерінің студенттеріне білім алуын жалғастыруға, сондай-ақ бір оқу орнынан екіншісіне ауысуға академиялық мобильдік қамтамасыз етіледі.

Онымен қоса, білім алу кезінде Достастық елдерінің жастарына құқықтардың әлеуметтік сақталуы, өмірі мен денсаулығының қорғалуы, сондай-ақ кемсітушіліктердің барлық түрлерінен қорғау кепілдендірілетін болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе