І.Есенберлиннің өміріне арналған жаңа еңбек жарық көрді

Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметіне арналған жаңа еңбек жарық көрді. Ұлы ғалымның 100 жылдығына арналған кітап  жазушының туған жылынан бастап өмірінің соңына дейінгі аралықты қамтып отыр, деп хабарлады kazakh-tv.kz.  Астанада «Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық тарихтың рөлі» атты халықаралық конференция барысында еңбек көпшілікке таныстырылды. Авторлардың басты мақсаты қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірлік жолы арқылы патриотизм үлгісін көрсету болыпты. Енді жаңа оқулық мектеп оқушыларына әдебиет және тарих пәндерін оқытуда қосымша құрал ретінде қолданылмақ. Бұл істі мұғалімдер қауымы  оқу жылының 3-тоқсанынан қолға алуды жоспарлауда. 

- Есенберлиннің шығармалары арқылы балаларға ұлттық тәрбие беруімізге болады. Ол ұлттық тарихты, патриотизмді сол кездің өзінде айта білген.  Біз бүгінгі шығып отырған кітаптарды оқу бағдарламасына әдістемелік құрал ретінде, қосымша дерек ретінде қолдануымызға әбден болады деп айта аламын, дейді Астанадағы №53 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Жаңатуғанова.

.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе