Фраунгофер атындағы институт Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің базасында сандық инжинирингтік орталық құрады

АҚТАУ. 23 Фраунгофер атындағы институт (Магдебург) Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің базасында сандық инжинирингтік орталық құрады.Бұл туралы Ақтаудағы форумда Фраунгофер атындағы институттің еуропалық бөлімінің басшысы Эдерхард Блумель айтты.

«Біз Магдебург институты және Ш. Есенов атындағы университет арасында ноу-хау технологиясының көпірін салуды жоспарлап отырмыз. Онымен бірге Каспий университетінің қызметкерлерін оқыту көзделуде», - деді Э. Блумель.  

Ақтауда СЕСА инжинирингтік технологиялардың неміс-қазақстан орталығы орналастырылатын болады. Ақтаудың ғылыми қызметкерлері, зерттеушілер мен ғалымдар өздерінің сандық инжинирингтік платформаларын іске асыра алады. СЕСА орталығы инжинирингтік технологиялардың халықаралық сапасының орталығы болады. Айта кетейік, оны құру үшін бірнеше жыл керек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе