Батысқазақстандық студент «Ақжол» партиясы ұйымдастырған байқаудың жүлдегері атанды

ОРАЛ. 14 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің үшінші курс студенті Амандық Ізтұрғанов Қазақстан «Ақжол» демократиялық партиясы ұйымдастырған «Ел аманаты» жалпыұлттық пікірталас байқауының жүлдегері атанды.Университеттің Қазақстан тарихы және философия кафедрасының аға оқытушысы Ғалия Сарқұлованың хабарлағанындай, төрт аталым бойынша өткен байқауға оқу орнынан үш студенттің жұмысы жіберілген. Екінші турға өткен Амандық Ізтұзғанов финалдық сайыстарға қатысып, қорытындысында үшінші орынды иеленді. Студенттің тайтуынша, ол өз жұмысында қазіргі қоғамның жай-күйін, оның бірігу жолдарын, елеулі әлеуметтік мәселелерді көрсеткен. А.Ізтұрғановқа 100 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілген. «Ақмола облысының Зеренді ауданындағы курорттық аймақта өткен екі күн ұмытылмастай әсер қалдырды», - дейді студент.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе