Шығыс Қазақстан облысында студенттерді аймақ кәсіпорындарына бекіту акциясы өтті

Семей. 12 Семей геологиялық барлау колледжінде «Кәсіптік іс-тәжірибеден өту үшін студенттерді Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарына бекіту» акциясы өтті, деп хабарлады Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.Аталмыш іс-шара қазіргі заман талабына сай білім мен ғылымды дамыту, білікті мамандар даярлау секілді мәселелердің шешімін тауып, оқу орны мен кәсіпорындар, студенттер мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынасты нығайту және ертеңгі күні оқу орнын тәмамдаған жастардың сол кәсіпорындарға барып жұмыс істеуіне мүмкіндіктер туғызу мақсатын көздеді. 

Іс-шара барысында студенттер облыстағы ірі кәсіпорындар жұмысымен танысып, кәсіптік іс-тәжірибеден өту орындарына таңдау жасады. Олар жастық жігерлерін, білімі мен шеберліктерін еліміздің көркеюіне арнаймыз дейді.

«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру, Қазақстанда зияткерлік ұлт қалыптастыру және елімізді әлемдік білім орталығына айналдыру идеялары ел дамуының басты бағытына айналды», - деді Семей қаласы ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары  Н.Есенжолов. Оның пікірінше, бұл ретте оқу жүйесіндегі студенттердің өндірістік тәжірибеден өту мәселелері қашанда өзекті мәселе болып, оқу үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Себебі жас мамандар оқыту кезінде алған білімдерін кәсіптік іс-тәжірибеден өту барысында іс-жүзінде тереңдетіп, мамандықтары бойынша қажетті біліктілікті, кәсіби шеберліктерін барынша деңгейде арттырып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болады», - деп түйіндеді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе