Қазақстан халқының 50 пайызын жастар құрайды - Б.Жұмағұлов

АСТАНА. 14 Қазақстан халқының 50 пайызын жастар құрайды. Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халықаралық көрме бюросы Сараптама комиссиясы  мүшелерінің еліміздің ғалымдарымен және жастарымен кездесуі барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.«Ел халқының 50 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Бізде өте жақсы демографиялық ахуал қалыптасқан. Жыл сайын 400 мың бала дүниеге келеді. Бұл Қазақстанның өсіп, өркендеп  келе жатқан жас мемлекет екендігін білдіреді», - деді министр.

Айта кетейік, жоғарыда аталған делегация мүшелері елімізге 5 күндік сапармен келді. Елордада олар Қазақстанның ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу мүмкіншіліктерін зерделейді. Сапар қорытындысы бойынша олар ХКБ Бас ассамблеясына арнайы баяндама жасайды. Қазақстанның көрмені өткізетіндігі не болмаса өткізбейтіндігі ағымдағы жылдың соңында белгілі болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе