Қазақстандық магистранттар Колумбия университетінің Жаһандық оқу сыныбына қабылданды

АСТАНА. 16 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 6 магистранты «Экологиялық әділеттілік, адам құқықтары және даму» («Climate Justice, Human Rigths and Development») атты жаңа оқу бағдарламасы аясында Колумбия университеті Жер институтының Жаһандық оқу сыныбына (Global Classroom) қабылданды.Енді, магистранттар Бауыржан Бекболатов, Салтанат Мұрзаспаева, Жанерке Әділжанова, Арнұр Сүлейменов, Лена Мейрамхан және Динара Жанпейісова АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында  25 ақпан мен 5 маусым аралығында ағылшын тілінде арнайы іс-тәжірибеден өтетін болады.

Университет ректоры Шәріпбек Әмірбековтың айтуынша, қазіргі кезде интернетте қаптаған ақпарат көздері бола тұра,  студенттер мен магистранттар білім алу бағдарламаларын іздестіру ретін таба алмай жатады. Осы орайда Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің халықаралық байланыстар бөлімі халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу кезінде, ең бірінші, сол бағдарламаларды ұсынатын шет мемлекеттердің өкілдіктері мен ресми сайттарына ғана жүгінуге кеңес беріп отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе