Қазақстанның барлық қалаларында «Bolashak Books» кітап сөресі орнатылмақ

Оқырмандардың кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында жуық арада Қазақстанның барлық қалаларының сауда орталықтарында «Bolashak Books» кітап шкафтары орнатылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.Аталмыш бастаманы «Болашақ» қауымдастығы қолға алып отыр. Жоба аясында бүгін Астанадағы «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінде «Bolashak Books» жобасының тұсакесері өтті. Ұйымдастырушылар осындай тың мазмұндағы жобамен елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуды көздеп отыр. Демек, кез келген қаладағы тұрғындар сауда орталықтарындағы «Bolashak Books» шкафтарынан өзіне ұнаған кітаптарды ала алады. 

«Қазіргі заманда «білімді мыңды жығады» деген мақалдың мәні ерекше болып тұр. Кітап оқу арқылы ғана өзіміз іздеген сұрақтарға жауап табамыз. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласына сай қолға алынып жатқан әлеуметтік жобаның маңызы зор. Инновация дамыған заманда кітап оқуды ұмыт қалдырмаған абзал. Өзім осы кітап сөресіне Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабын алып келдім. Қазақ тілін тез меңгергісі келген адам «Абай жолы» кітабын оқыған жөн деген ойдамын», - дейді «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы, Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен.  

Қазіргі таңда Алматы, Петропавл, Орал қалаларынан мыңға жуық кітап жиналған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе