ҰБТ-ға Қазақстан мектептерінің 78 пайыз түлегі қатысады

АСТАНА. 29   - Қазақстан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайын. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.Оның сөзіне қарағанда, биыл ҰБТ-ға 121 мың адам қатысады, бұл биылғы мектеп түлектерінің 78 пайызын құрайды.

ҰБТ маусымның 1-нен 15-не дейін арнайы жабдықталған 154 қосында өткізіледі. 107 қосын аудан орталығы мен қала мектептерінде, ал 47-сі Астана және Алматы қалалары мен облыс орталықтарындағы жоғарғы оқу орындарының ғимараттарында орналастырылатын болады. Тестілеу үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында 10 қосын жаңа ғимараттарға көшірілді.

ҰБТ-ның технологиясымен танысу және түлектерді емтиханға дайындау үшін Ұлттық тестілеу орталығы бөлімшелерінің базасында сынау тесттері өткізілді. Ағымдағы жылы олардың 900 000-нан астамы өткізілді. Ұлттық тестілеу орталығымен 900-ден астам сынау сұрақ-кітапшалары мен 200 мың ҰБТ пәндері бойынша құрал шығарылды. Жауап беру парақшалары дайындалып, бағдарламалық қамтамасыз ету іске асырылды.

142 806 тапсырма енгізілген тестілеу тапсырмаларының базасы жаңартылды. Оларды мақұлдау үшін 11 430 түлек қатысқан тест  өткізілді. Алғашқы рет математика бойынша логикалық тапсырмалар дайындалды, ол 1 тапсырмадан әр нұсқаға енгізіледі. Жаңа тапсырмаларды дайындау мен сараптама өткізу үшін республика мектептерінің  ең үздік 166 мұғалімі тартылды.

Биыл ҰБТ-ны өткізу мерзімі 15 мауымға дейін ұзартылды (бұған дейін тест тапсыру мерзімі 10 маусымға дейін болатын), апелляцияға өтініш қабылдау үшін тағы да қосымша 1 сағат берілді, яғни күніне 14 сағатқа дейін өтініштерді қабылдайды. Мемлекеттік комиссияның мүшелері 11 адамнан 5-ке дейін қысқартылды, сондай-ақ әр аудиторияда ҰБТ өткізу қосындары 12-ден артық болмайды, жалпы алғанда небәрі 1281 аудиторияны пайдалану жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе