Бейжіңде ҚТЖ өкілі халықаралық тасымалдау саласындағы орыс-қытай сөздігін шығарды (ФОТО)

Бейжіңде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ өкілі Аманжол Ибрагимов халықаралық тасымалдау саласындағы қысқаша  орыс-қытай сөздік-анықтамасын шығарды. Бұл басылымның таныстырылымы ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевпен Бейжіңде оқып  жатқан қазақстандық студенттермен кездесуі барысында болды.

 «Бұл оқулық  Қытайға білім алуға келген студенттерге, шекара өткізу пункттері, кеден органдары, бірлескен қазақстандық-қытайлық компаниялар мен Қытаймен сыртқы экономикалық қызметтің басқа да субъектілеріне арналған», - деді ол студенттерге.

ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында А. Ибрагимов басылым таралымы 2 мың дана екенін мәлім етті.

 «Бұл сөздікте 1000 сөз бар, олардың көпшілігі халықаралық тасымалды ұйымдастыру кезінде қолданылатын терминдер. Бұл басылымды дайындауға маған халықаралық жүк тасымалы саласындағы 20 жылдық тәжірибем мен шекара қызметі саласындағы практикалық білімім сеп болды», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе