Индустриялық-инновациялық даму жобалар үшін білікті кадрлар дайындау жүйесі құрылатын болады - Pm.kz сайты

АСТАНА. 12 Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін (ТжКБ) жаңғырту жөніндегі 2014 жылға дейінгі жобаны іске асырудың аясында 147 кәсіптік стандарт әзірленеді, деп хабарлады «Қазақстандағы ТжКБ жүйесін жаңғырту» жобасын басқару тобының директоры Темірлан Алтаев Pm.kz сайтына. «ТжКБ жүйесін жаңғырту жобасы бойынша алдағы 2 жылда экономиканың түрлі саласында 147 кәсіптік стандарт әзірленетін болады», - деді Темірлан Алтаев өз сөзінде.

Бұл іске шетелдік және қазақстандық сарапшылардың тартылатынын атап көрсеткен ол, кәсіптік стандарттардың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтындағы тізілімге ашық орналастырылатынын айтты. 

Оған қоса, индустриялық-инновациялық даму жобалары үшін білікті кадрлар дайындау жүйесі құрылатын болады. «Ол үшін еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жоғары Еуроодақ елдерінің халықаралық тәжірибесі зерттеліп отыр», - деп атап көрсетті Т.Алтаев. 

Т.Алтаевтың айтуынша, жақында ҚР Еңбек кодексіне енгізілген толықтырулар кадрлардың біліктілігін бағалаудың транспарентті жүйесін жасауға мүмкіндік беретін болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе