Шымкентте «Otbasy Fest» фестивалі өтіп жатыр

– Шымкенттің орталық саябағында «Otbasy Fest» фестивалі басталды.

Отбасы институтын нығайту мен неке және отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған шараға қала тұрғындары мен балалар үйлерінің жеткіншектері, түрлі басқарма қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысуда, деп тілшісі.Қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма мен «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған шараға шаһардағы балалар үйлерінен 100-ге тарта жасөспірім  қатысып, өз өнерлерін паш етуде. Аталмыш шараға 500-ге тарта халық қатысуда. Онда қала тұрғындары мен олардың отбасы мүшелеріне арналған секциялар ұйымдастырылған. Шарада кеңес беру бұрышы, спорттық жаттығулар, дұрыс тамақтану, балаларға арналған мультфильм, конкурстар, ұтыс ойындары, тамақ фестивалі, концерттік бағдарламалар өтуде. Ұрпақтар сабақтастығын ұлттық дәстүрдегі қазақстандық отбасының үлгісін насихаттайтын,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен парасаттылық принциптерін енгізу мәселелері қамтылуда. «Мұндай шара қаламызда екінші рет ұйымдастырылып жатыр. Өткен жылы біз фестивальді негізінен кішкентай нәрестелерге арнасақ, биыл мектеп оқушыларына арналып отыр. Аталған шара бір күн бойына ұйымдастырылады. Акция барысында балалар үйіндегі жасөспірімдердің талантын шыңдау мақсатында концерттік бағдарламалар өткізіледі. Сонымен қатар цирк пен қуыршақ театрының әртістері өз өнерлерін көрсетуде»,- дейді Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Динара Оралова.Іс-шараға қатысқан жанұя мүшелері  мен  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасының балалары белсенділік танытуда. Фестиваль кезінде ата-аналар мен балаларға қажетті қызмет түрлері көрсетілуде. Онда жоғары білікті мамандар кеңес беріп, арнайы емтихандар өткізіліп жатыр.Тұрғындарға заңгерлерден кеңес алу мүмкіндіктері де қарастырылған. Визаж, шаштараз, тырнақ әрлеушілері де қызметтерін ұсынуда. Сондай-ақ йога, би, ашық ауада флэшмоб, концерттік бағдарламалар өтіп жатыр. Балалар мен ересектер арасында сән көрсетілімі өткізіліп, көңілді конкурстар мен ойындар өтіп жатыр. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар таратылып, барлық жанұяға арналған тимбилдингтер,  әртүрлі шоу түрлері ұйымдастырылуда. Атап айтқанда айна, сабын, қағаз, трансформаторлық шоулары өтіп жатыр. Трамплиндер мен аквагримерлер, қуыршақ театры мен аспаздық студия және тағы басқалары да бар.  Сондай-ақ, қатысушыларға балмұздақтар мен тәттілер үлестіріліп,  мерекелік шара концерттік бағдарламалар қйымдастырылуда. Сондай-ақ №3 және №4 балалар үйі тәрбиеленушілеріне «Гауһар тас» тігін фабрикасының демеушілігімен жаңа оқу жылына мектеп формалары таратылмақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе