2017 жылға қарай студенттік жатақханамен қамтамасыз ету 80 пайызға шешілмек - Білім және ғылым министрлігі

АСТАНА. 27 Бағдарлама аясында Қазақстан бойынша 93 жатақхананың құрылысы қамтылмақ.Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының кеңейтілген отрысында депутаттардың сауалына жауап беру кезінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Өткен жылы Мемлекет басшысы студенттік жатақхана мәселесі бойынша нақты тапсырмалар бергеніне тоқталған ол «біз студенттік үй бағдарламасын әзірледік. Онда 93 жатақхананың құрылысы қарастырылып отыр», - деді.  Биылғы жылы бюджетті нақтылау бойынша 7 жатақхана қосымша салынатын болады. Бұған дейін 2 жатақхана мен 4 медициналық жатақхана жоспарланған еді.  Жалпы 13 жатақхана 2012 жылға жоспарланып отыр.

«Бұдан бөлек, біз таяу уақытта еліміз бойынша төрт жылға 52 жатақхананы жаңғыртуды жоспарладық. Атап айтқанда студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі 2017 жылға дейін 80 пайыз шамасында шешілетін болады», - деп түйіндеді ведомство басшысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе