Астанада білім берудің аймақтық хабын құру мәселесі қаралды

АСТАНА. 23 Бүгін елордада V Астана экономикалық форумы аясында Мемлекеттік басқару мектептері мен ұлттық академиялары басшыларының мәжілісі өтті.Әзірбайжан, Литва, Болгария, Қырғызстан, Польша, Латвия және тағы басқа 20 елдің өкілдері қатысқан форумда мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесін жетілдіру, қашықтан білім беру, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру жайы сөз болды. Астанада мемлекеттік қызмет бойынша озық тәжірибе мен білім берудің аймақтық хабын құру мәселесі де көтерілді. ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек атап көрсеткендей, ол үшін Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар. «Бүгінде біз БҰҰ-ның Даму бағдарламасы ұйымының қолдауымен өзге елдердің тәжірибесін жан-жақты зерттеп келеміз. Әрине, Қазақстан сапалы серпіліс жасауы тиіс. Ол үшін осы жерде мемлекеттік қызмет саласының оқ бойы озық зияткерлік әлеуеті шоғырлануы тиіс», - деп атап көрсетті Б.Байбек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе