Қостанайға Франция елшісі бастаған делегация келді

Қостанай облысына Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ бастаған делегация келді, деп тілшісі.Мәртебелі меймандар облыстық мәслихаттың депуттарымен кездесіп, екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынас туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Ещанов елшілерге аймақтың экономикалық дамуы және екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру бағыттары жайында хабардар етті. Сондай-ақ, өңірде кен өндіру өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығы, соның ішінде астық, машина жасау өндірісіне ерекше ден қойылып келе жатқандығын жеткізді.

Мұнан соң Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры Қадырғали Жаманбалин мен Қостанай политехникалық колледжінің директоры Алма Досжанова еліміздегі білім саласы, ғылыми-инновациялық бағдарламалар мен дуальді оқыту жүйесі жайлы сөз қозғады. Өз кезегінде Филипп Мартинэ екі ел арасындағы қарым-қатынастың негізі осыдан жиырма бес жыл бұрын бастау алғанын атап өтті.

«Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Францияға келген ресми сапарында достық, ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды. Содан бері Франция мен Қазақстан арасындағы әріптестік байланыстың қарқынды дамып келе жатқаны рас», - деді Мартинэ.

Жалпы, елшінің Қазақстанда тұрып жатқанына бір ай ғана болды. Осы аралықта ол Алматы, Астана, Семей өңірлерінде болған.

«Семейде Абай Құнанбаев туралы, жалпы Алаш елі туралы танып-білдім. Енді сіздердің өңірлеріңізге табан тіреп жатырмыз. Сапарымыздың басты мақсаты -  білім, мәдениет саласында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. Бүгінде Қазақстан мен Франция арасында саяси, іскерлік, экономикалық және мәдени салаларда ерекше өзара байланыс қалыптасты деп айта аламыз. Франция сапалы білімімен, оқу бағдарламаларының әр алуандығымен ерекшеленеді. Біздің елді «Математикалық держава» деп те атайды. Алдағы уақытта Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істегіміз келеді», - деді Ф.Мартинэ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе