Энергияны үнемдеу арқасында Қазақстанда жаңа электр стансысын «салуға болады»

АСТАНА. 16 Электр энергиясын үнемдеудің арқасында жаңа электр стансысын «салуға болады».2030 жылға дейінгі  Қазақстан энергетикасын дамыту бағдарламасына қатысты өз пікірін білдірген «Назарбаев университеті» Энергетикалық зерттеулер орталығының директоры Қанат Байғарин осындай пікір білдірді.

«Ел үкіметі шекті тарифтердің арқасында біраз қаражатты, сондай-ақ энергия көздерін үнемдеуді көздеп отыр. Сөз жоқ, бұл да қосымша ресурс. Бірақ, ашығын айту керек, біздің қоғамда электр энергияны үнемдеу мәдениеті әлі де қалыптаспаған. Негізі, зерттеу жұмыстары көрсетіп отырғандай, үнемдеудің арқасында 20-30 пайыз қосымша қуат көздерін алып қалуға болады. Бұл жаңа электр стансысын салумен пара-пар», - дейді ғалым.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе