ҰБТ-ға 11 сыныптың төртінші тоқсанындағы тақырыптардан сұрақ қосыла ма

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ-ға 11-сыныптың төртінші тоқсанындағы тақырыптардан сұрақ қосыла ма деген сұраққа жауап берді, деп тілшісі.

Бұған дейін бірқатар ата-ана 11-сыныптың соңғы тоқсаны онлайн өткендіктен, балалар тестілеуді дұрыс тапсыра алмайды деп алаңдаған еді. «Кейбір тілшілер ҰБТ-да 11 сыныптың төртінші тоқсанындағы сабақтардың сұрақтарын алып тастайды деп сөзімді басқаша жеткізген тәрізді. Соны нақтылап өтейін. Біз 11 сыныптың 4 тоқсанындағы тақырыптарды қарадық. Олардың барлығы - 9,10 сыныптарда, тіпті 7,8 сыныптарда өткен тақырыптарды қайталау. Барлық пән бойынша солай. Сондықтан, төртінші тоқсанда жаңа тақырып жоқ, сәйкесінше сұрақтар да қиынға соқпайды. Оқу бағдарламасында жоқ сұрақ тестілеуде де болмайды, оның бәрін жіті тексеріп отырмыз. Ата-аналарға уайымдамаңыздар дегіміз келеді», - деп түсіндірді Дидар Смағұлов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе