Сенатор 2-3 мың студенті бар университеттерді жабуға кеңес берді

Бүгінде 2-3 мыңдай ғана студенті бар қазіргі «университеттерді» статусынан айырып, тиісінше академиялар, институттар қылып қайта құру туралы Заңдарға толықтырулар мен түзетулар енгізу керек. Мұндай ойды бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы айтты.«Еліміздегі 17 млн халыққа 127 жоғары оқу орыны білім беруде, олардың 72-сі жекеменшік. Жоғары білім беру саласы ең мықты дамыған Ұлыбританияда 63 млн халыққа небары 89 ЖОО бар. Сондықтан біз ЖОО саны жөнінен әлемнің алғашқы ондығына кіреміз, ал сапасы жөнінен ойланатын мәселе өте көп», - дейді ол.

Депутаттың айтуынша, дамыған мемлекеттерде жоғары білімді мамандар қанша керек, қай салаға қажет деген мәліметерді зерттеп, реттеп отыратын арнайы институттар жұмыс жасайды.

«Ал біздің елімізде ондай қызмет әзірге жоқ. Қазір еліміздегі жастардың 63 пайызы жоғары оқу орындарында болса, небары 17 пайызы кәсіптік техникалық колледждерде, лицейлерде оқиды. Ал 20 пайыздайы еш жерде оқымайды. Бұл үлкен проблема», - дейді М. Бақтиярұлы.

Оның мәліметі бойынша, қазіргі кезде еліміздегі ЖОО-лардың 82-сі университет екен.

«Өздеріңіз білесіздер, кезінде Қазақстанда екі-ақ университет еліміздің барлық өңірлеріне жоғары білімді мамандарды дайындап жіберіп отырды. Университеттерде 10 мыңнан көп студент болу керек. Сондықтан 2-3 мыңдай ғана студенті бар қазіргі «университеттерді» статусынан айырып, тиісінше академиялар, институттар қылып қайта құру туралы Заңдарға толықтырулар мен түзетулар енгізу керек», - дейді сенатор.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе