ОҚО-да білім саласы бойынша 112 нысан салынып жатыр

Білім саласы бойынша 112 нысанның құрылысы жүргізілуде, ал 26 нысан іске қосылды. Жылдың соңына дейін 16 нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыров 2014 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен. «Балапан» бағдарламасы аясында 100 мектепке дейiнгi ұйым ашылып, жалпы саны 1356-ға (142,7 мың бала), қамту деңгейі (3-6 жас аралығында) 72,9%-ға жетті. Денсаулық сақтау саласы бойынша 68 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда. 63 нысан іске қосылады, ал 29 нысан іске қосылды. Жыл соңына дейін 34 нысан пайдалануға беріледі. 31 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы жасалды. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 29,1 мың адам қамтылды (жылдық жоспар - 30,0 мың адам). Нәтижесінде, облыста жұмыссыздықтың деңгейі 0,1% төмендеп, 5,4%-ды құрады», - деп атап өтті әкімнің орынбасары. Сондай-ақ 30 ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп, 14 к.м. ауыз су құбыры жаңартылады. 47 газбен жабдықтау нысанының құрылысы жүргiзiліп, 65 к.м. 218,2 мың халық табиғи газбен қамтылып, қамтылған к.м. саны 319 жетеді. 390,2 ашқырымдық жол мен 16 көпір құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 119,7 млрд. теңгені, яғни 100,5% құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің алаңы 263,4 мың ш.м. құрап, 15,9%-ға артты.Осы және өзге де атқарылған жұмыстарды баяндаған облыс әкімінің орынбасары жыл қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жоспарланған деңгейде болатынына сенім білдірді. Баспасөз мәлихатына қатысқан басқарма басшылары өз салаларында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, журналистер қойған сауалдарға жауап берді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе