Астанада араб мемлекеттері, Еуропа және ТМД елдерінің аймақтық форумы өтті

Астанада Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша араб мемлекеттері, Еуропа және ТМД елдеріне арналған аймақтық форум өтті, деп .Астана экономикалық форумы - 2017  аясында өткен шараға араб, Еуропа және ТМД мемлекеттері кіретін 40 елдің Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша ұлттық үйлестіруші орталықтары мен даму саласындағы институт өкілдері жиналды.

Атап айтқанда, форум жұмысына ҚР Ұлттық экономика министрлігі, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа, ТМД және Еуропа елдері бойынша аймақтық Бюросы, БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы басқармасы, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб,  Ислам даму банкі, Ислам елдеріне арналған Статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институты жетекшілері мен өзге де халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.

«Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабы Қазақстан үкіметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасының алдыңғы қатарлы бастамасы бола отырып, құрылғаннан бастап, әріптестікке, мемлекеттік қызмет саласындағы әлеуетті арттыруға,  «тең теңімен» қағидаты бойынша оқытуға бағытталған, күн тәртібі икемді әрі азаматтар сұранысын бағдар тұтатын көпжақты платформа ретінде мәлім», - деді Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов форумның ашылу барысында.

Тараптар форумда Оңтүстік-Оңтүстік және Үш жақты ынтымақтастықтың әріптестік мәселерін талқылап, оның ішінде «жасыл» экономика бойынша ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударды және Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бағытындағы білім мен технологиялар алмасуға жеке секторды тарту жолдарын қарастырды.

Сонымен бірге, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша Аймақтық бюро директоры Джихан Сұлтаноглу  сөз сөйлеп, Еуропа және ТМД елдеріндегі адам ресурстарының тұрақты дамуы саласын ілгерілетудегі Оңтүстік-Оңтүстік және үшжақты ынтымақтастық туралы бірінші аймақтық есебімен таныстырды.  

Айта кетейік, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб - аймақ елдерінің мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе мен білім алмасуының институционалды  алаңы. Қазіргі таңда хабқа 36 мемлекет, оның ішінде Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және АСЕАН елдері мүше. Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы БҰҰ аясында әлемнің дамушы елдері арасында өзара қарым-қатынас мен ресурстар, технологиялар және білім алмасуды көздейді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе