Белгілі қазақстандық ғалым Зейнолла Самашев Өскеменде жас археологтар мектебін ашады

Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының профессоры Зейнолла Самашев Өскеменнің мектеп оқушылары мен ұстаздарымен кездесті, онда өзінің жас археологтар мектебін ашу идеясымен бөлісті.Кездесу «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығында өтті. Шараны аталған орталық пен Аманжолов атындағы ШҚМУ тарих, халықаралық қатынастар және құқық факультеттері бірлесіп дайындады.

Белгілі қазақстандық археолог Қазақстанның тарихи ғылымындағы археологияның рөлі мен мәні туралы дәріс оқыды, содан кейін мектеп құру ісін егжей-тегжейлі баяндады.

Оның айтуынша, жарғы ереже, эмблема дайындау қажет. Мектеп оқушылары теориялық білім алып, практикаға шығады. Олардың кейіннен мамандық ретінде археология саласын таңдауы әбден мүмкін.

Мектепті ашу идеясын балалар ерекше көңілмен қабылдады. Ежелгі сақ көмбелері - атақты Берел қорғандарын ашқан танымал Зейнолла Самашевтың басшылығымен археологиялық экспедицияға қатысу мүкіндігі олардың қызығушылығын оятты, деп хабарлады ШҚМУ баспасөз қызметінен.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе