Атырауда мұнай-газ мамандарын даярлайтын орталық ашылады

АСТАНА. 24 Келесі айда мұнай-газ саласы үшін маман даярлау және қайта даярлау жөніндегі Атырау аймақаралық орталығы ашылады.Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында «Кәсіпқор» холдингінің басшысы Аяна Манасова мәлім етті. 

Аталған орталық мұнай-газ саласындағы білім берудің көшбасшысы - Канаданың Оңтүстік Альберта технологиялық институтымен бірлесіп құрылып отыр. «Орталықта білім алған мамандар Оңтүстік Альберта технологиялық институтының дипломын алатын болады. Бүгінгі таңда біз канадалық әріптестердің тәжірибесін зерделеп, олардың білім беру бағдарламаларын өз ыңғайымызға бейімдеп алдық. Мамандарды оқыту жұмысы тегін жүргізіледі. Бірақ ол үшін арнайы тест тапсырып, тиісті ұпай санын алу қажет», - дейді А.Манасова.

Оның сөзіне қарағанда, Атырау аймақаралық орталығында бір маманды даярлауға бюджет есебінен 15-18 мың доллардай жұмсалады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе