«Жас сарапшы - 2012» республикалық байқауы жалғасуда

АСТАНА. 17 Студенттер арасындағы «Жас сарапшы - 2012» республикалық байқауы жалғасуда. Осыған орай бүгін Астанада конкурс ұйымдастырушыларының арнайы баспасөз мәслихаты өтті.Конкурс үйлестірушісі Аян Әлжановтың айтуынша, «Жас сарапшы - 2012» байқауының басты мақсаты - студенттердің ғылыми әлеуетін көтеріп, отандық экономиканың өзекті мәселелерін шешу. «Биылғы байқауды біз экономика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер арасында ұйымдастырып отырмыз. Конкурс жұмыстарының 25 қазанға дейін қабылданатынын тағы бір мәрте еске саламыз. Жеңімпаздарға «Үздік жас экономист» атағы, сондай-ақ бағалы сыйлықтар мен куәліктер табысталады», - дейді А.Әлжанов.

Айта кетейік, конкурсқа жіберілетін жұмыстар ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты ұсынған тақырыптар бойынша эссе үлгісінде жазылуы шарт. Олар - «ҚР Ұлттық қоры: қаражатты тиімді қолдану саясаты», «ҚР зейнетақы жүйесі: мәселелер мен оларды шешу жолдары», «Қазақстандағы халықтық IPO-ның болашағы: артықшылықтары мен кемшіліктері», «Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуының салдары» және «Қазақстанның шағын және орта бизнесінің бірыңғай экономикалық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігі: шаруашылықты жүргізу жағдайын салыстыру». Үш кезең бойынша өтетін конкурстың барлық жұмыстарын кәсіби мамандар тексереді. Қатысушылар болса, өз жобаларын info@bolashak.kz поштасына жібере алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе