Алматыда «Жыл мұғалімі - 2012» қалалық байқауы басталды

АЛМАТЫ. 10 Бүгін Алматыда «Алматының жыл мұғалімі-2012» қалалық байқауы басталды.Аталмыш шараның ашылуына орай Оқушылар сарайында салтанатты кеш өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұл байқау 2005 жылдан бері қала әкімдігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты жаратылыстану-математика циклі мұғалімдерінің кәсіби беделін насихаттау және көтеру болып табылады.  

Биылғы байқауға аудан бойынша жеңімпаз атанған жаратылыстану-математика пәндерінің барлығы 70 мұғалімі қатысады. Ең үздік мұғалімді білім басқармасы, мектеп мұғалімдері, өнер қайраткерлері мен ғалымдардан тұратын әділқазылар алқасы анықтайтын болады. Әділқазылар алқасының төрағасы - қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Галина Саматокинаның айтуынша,   байқау үш кезеңнен тұрады. «Бірінші сын - пәндік олимпиада. Оның нәтижесі бойынша жоғары ұпай жинаған 20 мұғалім екінші кезеңге жіберіледі. Мұнда олар өздерін таныстырып, педагогикалық тұжымдамасын қорғайды және өздерінің әдістемелік тапқырлығымен бөліседі. Қорғау электрондық тұсаукесер түрінде ұсынылады. Осының негізінде 10 мұғалім іріктеледі. Ал үшінші кезеңде олар ашық сабақ өткізуден сынға түседі. Оларға ең күрделі талаптар қойылады. Мұнда мұғалімдердің кәсіби шеберлігі, танымы, ой-өрісі, балалармен қарым-қатынас іскерлігі, пәнін білуі мен сабақ беру әдістемесін игеру деңгейі анықталады. Бұл байқаудың ең күрделі кезеңі. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша ең үздік деген мұғалімдер ақтық сынға іріктелініп алынатын болады», -деді ол.

Оның пікірінше, дәстүрлі қалалық байқау жас мұғалімдерге өз қабілетін, кәсіби шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жыл мұғалімі - Алматы-2012» қалалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау 14 наурызда Республика сарайында өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе