Зияткерлік мектеп оқушылары Канада мен АҚШ-тағы қатарластарынан озды - ҚР Президенті

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Канада мен АҚШ-тағы қатарластарын басып озды. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп тілшісі.«Өздеріңіз білесіздер, ел өңірлерін аралаған кезде Зияткерлік мектептерге барғанды жақсы көремін. Сонда алыстағы шалғай ауылдардың балалары, мүмкіншілігі аз отбасылардың, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің өздерінің білімімен осы мектепке түсіп жатқаны қуантады. Бұл жерде ешқандай басқа таңдау жоқ, тек қана білімге екпін қойылады. Осы оқу орнын таңдағандар үздік екенін көрсете білуі керек», - деді Елбасы.

Елбасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары математикалық сауаттылық жағынан үздік елдер қатарына енгенін еске салды.

 «Олар Сингапур, Жапония елдеріндегі үздік танылған қатарластарына бәсекелес бола алады. Сонымен қатар Канада, Финляндия және АҚШ-тағы оқушыларды басып озды. Бұл өз кезегінде алдыңғы қатарлы әдістемелер мен оқыту тәртібін, оқушыларды іріктеудің жүйесін енгізудің нәтижесі», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Зияткерлік мектептерде еліміздің барлық өңірлерінен балалар білім алып жатқанын атап өтті. Олардың 3 мыңнан астамы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан, 2,5 мыңы ауылдық жерлер мен шағын қалалардан тартылған оқушылар.

«Атап айтқанда, бұл әлеуметтік әділдіктің нақты көрсеткіші. Сәйкесінше, әрбір талантты баланың өзін көрсетуіне мүмкіндік берілген. Тек білімімен әділ түрде оқуға түсе алады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, Астанада Елбасының қатысуымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы өтіп жатыр. 

Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба 2008 жылдың наурыз айынан жүзеге асырыла бастады. Бүгінде елімізде жаратылыстану-математика бағытындағы 20 Зияткерлік мектеп ашылды. 2010-2018 жылдар аралығында осы оқу орындарын 8 мыңға жуық түлек тәмамдады. 950 оқушы «Алтын белгі» мен ерекше аттестатқа ие болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе