Мемлекет басшысы индустриялық кәсіпорындар тапсырысымен жұмыс жасайтын инжиниринг орталығын құруды тапсырды

АСТАНА. 5   Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» Қорына Университетпен бірлесе отырып, индустриялық кәсіпорындар тапсырысымен жұмыс жасайтын инжиниринг орталығын құруды тапсырды.

«Ұзақмерзімді перспективада кластерлердің табысты дамуы үшін Назарбаев Университетіне қосымша алаңдар бөлу керек. Біз осыны жүзеге асырып жатырмыз. Бұдан басқа, ғылым мен бизнестің ынтымақтастығын белсендіре түсу. Бұл бірінші рет айтылып тұрған жоқ және әлемде осындай ынтымақтастықтың керемет үлгілері де бар. Өткен ғасырдың 80-жылдарында индустрия мен университеттер арасында бірлескен орталықтар құруға арналған Ұлттық ғылыми қор бағдарламасы қосылған болатын. Бүгінгі күні онда осындай 50-ге тарта орталықтар табысты еңбек етуде. Орталықтың жұмысы барысында шамамен мыңға тарта ілкі технологиялар әзірленді. Осыған орай, «Самұрық-Қазына» қорына Университетпен бірлесе отырып, индустриялық кәсіпорындар тапсырысымен жұмыс жасайтын инжиниринг орталығын құруды тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе