ЕНУ ректоры Қытай елшісімен кездеспек

АСТАНА. 14 17 ақпанда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов  Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжоу Лимен кездеседі, деп хабарлады білім ордасының баспасөз қызметінен.

Кездесу Қазақстан мен ҚХР-ның дипломатиялық қарым-қатынасының 20-жылдығына және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуций институтының құрылғанына 5 жыл толуына байланысты өтеді.

«Екі мемлекеттің ертеден қалыптасқан іскерлік және достық қатынастары кездейсоқ құбылыс емес. Екі мемлекеттің экономикалық өршіл талабы, саяси тұрақтылығы, жоғары білім беру жүйесіндегі табысты қадамдары үнемі бір-бірінің қызығушылығын арттырып келеді. Бүгінде бұл қарым-қатынас жан-жақты дамып келеді», - делінген хабарламада.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе