Жаңа оқу жылында 255 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

АСТАНА. 1 Бүгін бүкіл республика бойынша 2,5 млн шамасындағы оқушы жаңа оқу жылын бастады, олардың ішінде 255 мың  бала тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап отыр, деп хабарлады pm.kz сайты.ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 2012-2013 оқу жылындағы оқушылардың жалпы саны 2 461 245 адамды құраған, бірінші сыныпқа барғандар саны 255 023 бала.

Жаңа оқу жылы қарсаңында 25 мың орындық 61 мектеп ашылды. Елімізде барлығы 293 315 мұғалім жұмыс істейді.

Республика бойынша оқулықпен қамтамасыз ету 95 пайыздан асады. 2012-2013 оқу жылында 1,7 және 8 сыныптар үшін қайта басылып шығарылған оқулықтар мен оқу-әдістемелеу кешендер оқу үрдісіне енгізіледі.

Қазіргі кезде қажетті әдістемелік және құқықтық база дайындалды, оқулықтар сатылып алынды, жоспарланған нысандар пайдалануға берілді, білім беру мекемелерін күрделі және ағымдағы жөндеулер аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылғы 14 тамыздағы ҚР Үкіметінің отырысында жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы мәселесі талқыланған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе