Білім министрлігі тестілеуден өте алмаған 43 мың түлектің мәселесін назарда ұстамақ

АСТАНА. 21 Білім министрлігі тестілеуден өте алмағандарға қатысты мәселені назарда ұстамақ.Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Еске сала кетсек, палатаның отырысы барысында депутат Ғани Қасымов биылғы ҰБТ нәтижесінде бірнеше ондаған мың түлек тестілеу сынақтарынан өте алмағанын айтып, олардың ендігі мәселесі туралы сұрау салған еді.

«Бұл бүкіл қоғамның көтеріп жүрген мәселесі. 43 мың үміткер ҰБТ балының шекті «табалдырығынан» аттай алмады. Бұл білім беру сапасына қатысты салмақты мәселе, дей тұрғынмен бұл обективті шындық. Екіншіден, елімізде 894 колледж баршылық, ҰБТ сынағын еңсере алмағандар осындай оқу орындарында мамандық алуына болады. Яғни, бүгінгі күні біз бұл бағытта жұмысты жалғастырудамыз, осы проблемаға баса назар аударып отырмыз», - деді Б. Жұмағұлов.

Министрдің айтуынша, ҰБТ-ның төменгі көрсеткіште болуы ең алдымен, білім сапасына байланысты.

«Әрине,  біз бір де бір адам қалмайтындай етіп, барлық жоғары оқу орындарына түлектерді қабылдата алатынымыз белгілі, алайда ондаймен проблеманы шешу мүмкін еместігін баршаңыз білесіздер», - деді министр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе