«Болашақ» стипендиясымен ауыл шаруашылығы саласының 74 мамандығы бойынша білім алуға болады

АСТАНА. 8  Отандық агроөнеркәсіп кешенін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми-техникалық әлеуетін жоғарылату бағытында жұмыстар жүргізуде.Атап айтқанда, 2012 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін шетелде мамандарды дайындау бойынша Республикалық комиссия шешімімен басым мамандықтар тізімі бекітілген болатын. Бұған «Агрономия», «Ветеринарлық медицина», «Ветеринарлық санитария», «Орман шаруашылығы ісі», «Топырақтану, агрохимия, өсімдікті қорғау», «Балық шаруашылығы және балық аулау өндірісі» секілді 74 мамандық  кіріп отыр. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.

Министрліктің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқамановтың айтуынша, 2005-2012 жыл аралығында «Болашақ» бағдарламасы аграрлық сала мамандағы бойынша 29 адам бітірген. Бүгінде 10 студент білім алып жатыр. «Көрсеткіштердің төмен болуының себебі негізінен ауыл шаруашылығы мамандықтарының мәртебесінің жоқтығынан, тілдік кедергілерден, жылжымайтын мүлікті кепілдікке қою секілді мәселелерден туындап отыр.  Соңғы ережелерге сәйкес, «Болашақ» стипендиясы бойынша мамандарды магистратура, докторантура, сондай-ақ тәжірибелік тағылымдар бойынша әзірлеуге қайта бағдарланады. Кадрларды бакалавриатурада әзірлеу тоқтатылды», - дейді С. Қалқаманов.

Стипендианттардың саны артып, оларды шетелге оқуға жіберу географиясы кеңейтілді. Бүгінде, академиялық оқу мен тәжірибеден 17 мемлекетте және әлемнің  үздік 100 университетінде білім алу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, ереженің жаңа редакциясында бірқатар өзгерістер қамтылған. Атап айтқанда, өз бетімен түскен үміткерлер үшін талаптар қатаңдатылды, «мемлекеттік қызметкерлер» және «ғылыми-педагогикалық қызметкерлер» санатымен қатысушылар арасы кеңейтілді. Бұдан бөлек, кез келген инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін тәжірибеден өту мүмкіндігі енгізіліп,   «жоғары оқу орындарының түлектері» квотасы жүзеге аса бастады. Мемлекеттік қызметшілер және ғылыми-педагог қызметкерлер санаттарына, атап айтқанда еңбек өтілі мен бакалавр немесе маман дипломының орташа балына талаптар азайтылды. Енді осы санаттар үшін дипломның қосымшасы бойынша орташа балл 5.0-ден 4.00  болып белгіленді.

«Осының барлығы сайып келгенде  жоғары оқу орындарының түлектері, мамандар, мемлекеттік қызметкерлер және аграрлық саланың ғылыми қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелде оқуды жалғастыруға және тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. Ал 2013 жылдан бастап  құжаттар аймақтарда тұрақты негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдануы жоспарланып отыр.

Сондайақ, халықаралық білім беру орталығының мәліметі бойынша 2012 жылдың екінші жартысынан бастап аймақтарда қоғамдық қолжетімділік пункттері және портал арқылы құжаттарды қабылдау бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі үшін «е-Болашақ» ақпараттық жүйесінің электрондық үкімет порталымен ықпалдасуы жоспарланып отыр. Республикалық конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар www.edu-cip.kz сайтында көрсетілген тізімге сай үміткерлермен өз бетінше әзірленеді», - дейді С. Қалқаманов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе