Қазақ мультфильмдері қоры 40 сериялы ертегілер жинағымен толықты

АЛМАТЫ. 30 Қазақ мультфильмі әрқайсысы 10 минуттан тұратын 40 сериялы ертегілер жинағымен толықты.Бүгін Алматыда «Балаларға арналған қазақ тілі» атты анимациялық білім беру жобасы бойынша 3D-форматта түсірілген «Қазақ ертегілерінің» тұсауы кесілді.

«Біз Алматы қаласында балабақшалардың ішкі мазмұнын байыту мақсатында және балаларға көрсететін көрнекі құралдардың заман талабына сай болуына ерекше көңіл бөліп, бірнеше жобаларды жасап шығардық. Соның ішінде елге кең тараған 85 сериялы  «Алдар Көсе» анимациялық фильмін жаңа форматтағы, жаңа мазмұндағы «Қазақ ертегілерімен» толықтырып отырмыз.  Ол қаладағы барлық балабақшаларға тегін таратылады», - дейді Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахметов.

Оның айтуынша,  олар алдағы уақытта барлық телеарналардан көрсетілетін болады.  14 дискіден бұратын бұл жинаққа 40 сериялы «Қазақ ертегілерімен» қатар, 85 сериялы «Алдар Көсе» мультфильмі де топтастырылып отыр. Енді оның қатарын «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын» және «Қыз Жібек» эпостары желісі бойынша түсірілген мультфильмдермен  толықтыру жұмысы жүріп жатыр. Олар жыл соңына дейін жарық көреді деп жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе