Елордада шахмат фигурасы пішініндегі Шахмат академиясы салынады

АСТАНА. 5 Елордада шахмат фигурасы пішініндегі Шахмат академиясы салынады. Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде интерактивтік дәріс оқыған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шахматтан 4 дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәліктің  сауалына орай осылай деді.Жас шахматшының шахматты мектеп пәндерінің біріне айналдыруға қатысты қойған сауалына жауап берген Елбасы: «Таяуда менде әлемдік шахмат қауымдастықтарының басшылары болды - олар танымал гроссмейстерлер. Олар маған  балалары шахматпен айналысатын елдердегі оқу үлгерімі әсіресе, математикадан бірден артатындығын айтты. Бұл бірнеше қадам алға ойлауға мүмкіндік береді. Мен мұны қолдаймын. Біз Астанада шахмат орталығын саламыз деп уағдаластық және шахмат фигурасы пішінінде, мүмкін ладья болар, арнайы шахмат академиясы болады», - деді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе