Павлодардың 487 жас маманы «Дипломмен ауылға» аттанады

ПАВЛОДАР. 30 С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлектері Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыстық және аудандық әкімдіктердің өкілдерімен кездесті, деп хабарлады жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметінен.«Биыл ауыл мектептеріне павлодарлық ЖОО-лардың 487 түлегі барады. Олардың барлығы айтарлықтай жеңілдіктер алады. Бұл «ауылдық» жеңілдіктер - жалақыға 25 пайыздық үстеме, 70 АЕК көлемінде көтермелеу жәрдемақысы, оған жергілікті бюджеттен баспана сатып алуға 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейін берілетін несиелер қосылады. Павлодар облысында тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік займдарды 363 жас маман алып үлгерді - бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 378 млн. теңгені құрады», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов.

2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев бекіткен бұл бағдарлама ауылдық жерлерде өмір деңгейін көтеруге, ауылға білікті кадрларды тартуға бағытталған. Бүгінде шалғайдағы мектептерге ауылдық білім беруде жұмыс істеуге және оны жаңа деңгейге көтеруге дайын математиктер, филологтар, биологтар қажет. Биыл бұл бағдарлама бойынша мамандықтар тізіміне мал дәрігерлері де кірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе