Көп адам тұратын тұрғын үйлердің маңына 5 мың орындық үлкен мектеп салу керек – вице-министр

. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыс орталықтарында маңында мектебі жоқ тұрғын үйлер бар. Бұл туралы «Орта білім саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: жекеменшік мектептер» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды, деп тілшісі.

«Біз Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында он мектеп салудамыз. Осы бағдарламаны Алматы және Шымкент қаласында жүзеге асырамыз. Алматы сейсмикалық аймақта болғандықтан заң бойынша 4 қабатты мектеп сала алмаймыз, бірақ барлық талаптарға сай етіп салуға болар еді. Алматы қаласында халық саны көп болғандықтан бос жер телімдері жоқ. Ал сүрілген жер учаскесін сатып алу қымбатқа түседі. Яғни, жер учаскесіне қатысты осындай мәселелер бар», - дейді «BI Constrcution & Engineering» ЖШС «Орталық» дивизионының директоры Виктор Богма. Ол Қазақстанда соңғы 3-4 жылда салынған мектептер мен ресейлік мектептерді, сондай-ақ жеке меншік мектептер мен Назарбаев зияткерлік мектептерін салыстырып, сараптама жасағанын айтты. «Қазақстандық орта білім беретін мектептерді техникалық құралдармен жабдықтау құны мектеп құрылысы құнының 5-6%-ын құрайды. Ресейде бұл көрсеткіш – 15-17% болса, Назарбаев зияткерлік мектебінде - 33-35%. Неге айырмашылық көп?», - дейді ол. Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, мәселе құрылыстан ақша үнемдеуде емес екенін айтты. «Кәсіпкер қаржысын дұрыс қолдана біледі. Біз құрылыс мәселесі жөніндегі комитетке ірі мектеп жобасын жасау жөнінде өтініш бердік. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыс орталықтарында маңында мектебі жоқ тұрғын үйлер бар. Бұл - ҚР Білім және ғылым министрлігінің кінәсі емес. Бұл - жергілікті атқарушы органдарына қатысты сұрақ. Ол жобаларды біз жасамаймыз. Осындай тығырықтан шығудың бір жолы – адамдар көп тұратын тұрғын үйлердің маңына 2000-3000, тіпті 5000 орындық ірі мектептер салу», - дейді ол.
8600
    Iздеу

    Күнтізбе