ҚР БҒМ Шығыстану институты Бейжіңде Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясымен меморандум жасасты

БЕЙЖІҢ. 22 Бейжіңде ҚР БҒМ Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен ҚХР Қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.ҚР БҒМ Шығыстану институтының директоры Меруерт Әбусейітованың айтуынша, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою елдеріміз арасындағы ғылыми байланыстарды дамыту және нығайту ісіне қосқан үлкен үлес болып табылады.

Өз кезегінде ҚХР Қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының басшысы Ли Цзиньфэн ынтымақтастық туралы меморандум сондай-ақ Қытай мен Қазақстан арасындағы ғылыми байланыстарды дамыту үшін өте маңызды екенін атап өтті.

«Біздің елдеріміздің арасында көптеген түйісу нүктелері бар және бұл меморандум біздің елдеріміздің арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді», - деп қосты Ли Цзиньфэн.

ҚР БҒМ Комитетінің Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Қазақстанның шығыстану саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу институты болып табылады. Институт 1996 жылы Шығыстану орталығы мен ұйғыртану институты негізінде құрылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе