«Сameco Kazakhstan» компаниясы «Назарбаев Университетіне» мың данадан астам кітап сыйлады

АСТАНА. 29 «Назарбаев Университетінде «Сameco Kazakhstan» компаниясының университеттің кітапханалық қорына сыйлыққа кітаптар коллекциясын беру рәсімі өтті»,

деп хабарлайды Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті.

  Мың данадан асатын бұл туындылар университетке сыйға берілген шығармалардың ең үлкен коллекциясы болып табылады. Аталмыш рәсімде Назарбаев Университетінің Президенті осындай бағалы сыйлық білім ордасы үшін үшін үлкен олжа екендігін атап өтті. «Бүгін Назарбаев Университетінің кітапханасы Қазақстанда ағылшын тіліндегі кітаптардың, мерзімдік  басылымдар мен электрондық ресурстардың ең үлкен коллекциясына ие болып отыр. Ал сыйға берілген кітаптар, әрине университеттің кітапхана қорының бағалы топтамасы болып табылады»,-деді Шигео Катсу.

 Өз кезегінде  «Сameco Kazakhstan» президенті Ғалымжан Пірматов «Cameco Corporation» компаниясының жергілікті, оның ішінде Қазақстан аумағында қоғамдастықты дамытуға ықпал ететін әлеуметтік мәнді бастамалар мен бағдарламаларды іске асыру саласында  көпжылдық  тәжірибесі мен дәстүрлері бар екендігін атап өтті.

Кітаптар сыйлығы штаб-пәтері Канадада орналасқан уран өндірумен, өндеу және конверсиясымен айналысатын әлем деңгейіндегі  «Сameco Corporation» жетекші  компанияның еншілес ұйымы - «Сameco Kazakhstan» компаниясы мен Назарбаев Университеті арасында алдын ала қол қойылған меморандум нәтижелерінің бірі. Канада, Ұлыбритания және АҚШ баспаларынан Университетке берілген кітап коллекциясының құны 31 млн. теңге.

 Коллекцияға көптомдық энциклопедиялар, ғылыми еңбектердің жинақтары және ғарыш технологиялары, телекоммуникация, бизнес-даму, фотоника және энергияны үнемдеу, қалалық сәулет өнері және электрлі инженерия саласындағы анықтамалық материалдар кіреді.  Басылымдар «Назарбаев Университетінің» мектептері мен ғылыми орталықтары үшін аса бағалы. Ғалымжан Пірматов өзі басқаратын компанияның негізгі басымдықтары жергілікті халыққа қолдау, Қазақстанда стратегиялық әріптестермен өзара қарым-қатынастарды орнату болып табылатындығын тілге тиек етті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе