Қазақстан көмірден газға көшуі керек - ғалым пікірі

АСТАНА. 16 Қазақстан энергетика бойынша үлкен серпіліс жасап, көмірден газға көшуі керек.Ел Үкіметі дайындап жатқан Қазақстанның энергетикасын дамыту бағдарламасына қатысты өз пікірін білдірген «Назарбаев университеті» Энергетикалық зерттеулер орталығының директоры Қанат Байғарин осылай айтты.

«Ұлыбрания да кезінде көмір жақты. Уақыт өте келе, ол осы саладағы стратегиялық саясатты түбегейлі өзгертіп, көмірден газға көшті. Біз де солай істей аламыз. Оған тек ниет қажет. Қазір бізде газ шығып жатыр, бірақ оны шет жаққа сату - халыққа жасаған қиянатпен бірдей. Сондықтан бүгінде біз газдандыру жұмысы бойынша үлкен серпіліс жасауымыз қажет деп ойлаймын. Бұл, біріншіден, отандық энергетиканың тұрақтылығын қамтамасыз етсе, екіншіден, ел экологиясын барынша сақтай алады. Әрине, Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасына қосымша энергия көздері қажет. Бірақ бұл мәселе тек жылу электр стансыларын салумен ғана шешілмеуі тиіс», - дейді ғалым.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе