Биыл Астанада 5 мектеп пен 4 балабақша салынады

2014 жылы Астана қаласының Есіл ауданында 5 мектеп пен 4 балабақша салынады. Бұл туралы Есіл ауданы әкімінің аппаратынан хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында. «Үстіміздегі жылы әрқайсысы 1200 орындық 5 мектептің және жалпы жобалық қуаттылығы 920 орын болатын 4 балабақшаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мектептер №19 көшеден оң бағытта, Түркістан, Керей хан-Жәнібек хан және Орынбор көшелерінің шекарасында, Еңбекшілер ауданында, «Комсомольский» тұрғын алабында, Сығанақ көшесінің оңтүстігінде салынады. Ал, балабақшалар Алматы-Ақмешіт көшелерінің қиылысы мен Сауран және №24 көшелерінің қиылысында, Түркістан-Орынбор - №25 және №26 көшелерінің қиылысында, Түркістан, Керей-Жәнібек хан және Орынбор көшелерінің ауданында бой көтереді», - делінген хабарламада. 

2013 жылы елордада жалпы 760 орындық 3 балабақша және 1200 орындық 1 мектеп пайдалануға берілген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе