Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да тіл мәселесі талқыланады

АСТАНА. 22 «24 ақпанда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, профессор Т.М.Әбдікәрімнің 70 жасқа толуына орай «Ана тілі аясы: тіл мен әдебиет теориясы және лингводидактика мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференция өтеді»,-деп хабарлайды аталмыш университеттің баспасөз қызметі.Конференция барысында тілдің теориялық мәселелері, ана тілді оқытудың әдістемелік мәселелері, әдебиет теориясының мәселелері, соның ішінде қазақ педагогикасының жеткен жетістіктері мен алдағы даму бағыттары жан-жақты сараланады деп күтілуде.

«Жалпы педагогика ілімінің қай елдің ғылымында болсын құрметті орында тұратыны белгілі. Бұл сала арқылы өтпеген, оған мойын бұрмаған ғалым кемде-кем. Ғылым-білімнің барлық саласының осы ілімге бой ұруы да заңды құбылыс, өйткені, педагогика - тәрбие беру мен білім беруді қатар алып жүретін бірден-бір ілім. Оның қыр-сырын түйсіне білген адам  өз бойына имандылық, еңбек, отансүйгіштік, эстетикалық, экологиялық тағы басқа да тәрбие түрлерін дарытып, адамгершілік тәлімдерін дамыта отырып, өзіндік құзыреттілігін қалыптастырады. Бұл адамзатқа тән педагогикалық тағылымның ортақ мәселелері. Конференцияның маңызды тұстарының бірі осында», - делінген баспасөз баянында.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе