Қостанай облысында 500 орынды жатақхана пайдалануға беріледі – әкім

– Қостанай облысында құны 1,5 млрд теңге болатын 500 орынды жатақхана салынбақ. Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтік желіде жазды, деп .

Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай автомобиль көлігі колледжінде болды. Мұнда қазір машина жасау саласында мамандар даярлау жоспарлануда. Бұған дейін колледжде студенттерге тек теория жүзінде дәріс беріліп келген-ді. «Жас маман» жобасы аясында жалпы сомасы 320 млн теңгеге колледжді заманауи оқыту құралдарымен жабдықтау және жалпы құны 1,5 млрд. теңге болатын 500 орынды жатақхана салу жоспарланған. Колледжге күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау туралы тапсырма бердім. Жоспарланған жобаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар белгіленген мерзімде аяқталады», - деп жазды өңір әкімі. Жалпы, Қостанай облысында 21 мыңнан астам жас 8 жоғары оқу орнында білім алады. Осыған байланысты 4 мыңнан астам студенттің жатақханаға мұқтаждығы байқалады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе