2017 жылға дейін елордада мемлекеттік колледждер үшін жатақханалар салынады

Алдағы жылдары Астанада колледждер үшін жатақханалар салынады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «дөңгелек үстелде» елордалық білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева мәлім етті.Белгілі болғандай, Астанадағы колледждерде 16 жатақхана бар. Оның ішінде 8-і мемлекеттік оқу орындарына, қалғаны жекеменшік колледждерге тиесілі. Бұл 2013 жылға қарағанда екі жатақханаға артық. Атап айтқанда, жатақханаға зәру адамдардың саны 2 мың 300-ді құрап отыр.

Жатақханаларда орын тапшылығы кезең-кезеңмен шешіліп жатқандығына тоқталған басқарма басшысы, «2017 жылға дейін төрт колледжді салу кезінде мемлекеттік колледждерде қосымша 1200 орындық жатақханалар пайдалануға беріледі. 300 орынға арналған жатақхананың құрылысы мәселесі қала әкімдігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі арасындағы меморандумда қамтылды», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе