Ақтөбеде балалардың 28 пайызы ғана балабақшаға барып жүр

– Елімізде төтенше жағдай енгізілген соң балабақшаға баратындар қатары азайды. Қазіргі уақытта өңірде тек 28 пайызы ғана бақшаға барып жүр, деп тілшісі.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары онлайн тәртіпте тұрғындардың сұрағына жауап берді. «20 наурызда балалардың 28 пайызы ғана балабақшаға келді. Балабақша өз режімінде жұмыс істеп тұр. Жеке балабақшалар да бақылауда. Егер бала бақшаға бармаса, ақысын төлемейді», - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева. Айта кетейік, мектептерде 6 сәуірден бастап қашықтан оқыту басталады. Қазір өңірде дайындық жүріп жатыр. «Бірнеше ауданда қашықтан оқыту қиынға соғып тұр. Себебі интернет жоқ. Колледждерде де осындай мәселе тіркелді», - деді Ләззат Оразбаева.
1200
    Iздеу

    Күнтізбе