Алматыда XVIII Халықаралық «Олимпиадалық спорт және спорт баршаға» атты ғылыми конгресс өтіп жатыр

Алматыда Қазақтың спорт және туризм академиясының базасында 18-ші Халықаралық «Олимпиадалық спорт және спорт баршаға» атты ғылыми конгресс өтіп жатыр. Оның салтанатты ашылуы Абай атындағы опера және балет театрында болды.

Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері қауымдастығы ұйымдастырып отырған бұл конгреске спорт ғылымы саласында аты әлемге белгілі 100-ден аса ғалымдар қатысуда.

Конгрестің күн тәртібінде басқа тақырыптармен қатар, Қазақстанда Халықаралық дене шынықтыру және спорт университетін құру мәселесі де көтерілді. Мамандардың айтуынша, бұл Қазақстан үшін үлкен жоба. Егер ол құрылатын болса, қазақстандық студенттер әр спорт саласы бойынша аты әлемге әйгілі шетелдік мамандардан дәріс алатын болады.

Айта кетелік, әлемнің 46 университеті мүшелікке өткен Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері қауымдастығын 2009 жылдан бері Қазақтың спорт және туризм академиясының ректоры, профессор Қайрат Закирьянов басқарып келеді.

Бүгін Конгрестің ашылу рәсімі барысында Қазақтың спорт және туризм академиясының құрылғанына 70 жыл толуына байланысты құттықтау сөздер оқылды. Алқалы жиынның ашылу салтанатына қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып, академия қабырғасында талай жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ оқытушы мамандарды марапаттады.

Конгресс жұмысы 4 қазанға дейін жалғасады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе