Қазақ тілін ана тілдеріндей меңгерген өзге ұлт өкілдері

ПАВЛОДАР. 30 сәӨткен аптада Павлодарда қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында байқау өтті,деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен. Ондағы 25 қатысушының 14-і үздік білімдерін көрсетіп, ақтық сайысқа өтті.

«Байқауға қатысушылардың барлығы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Олар - шетел тілдерінің оқытушылары, балабақшалардың тәрбиешілері, студенттер», - деп атап өтті мәдениет бөлімі тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Мейрам Нұғыманов.

Бас жүлде мен облыстық байқауға жолдаманы қазақ тілінен, ел тарихынан және салт-дәстүрлерден үздік білім көрсеткен Инновациялық Еуразиялық университеттің бірінші курс студенті Артур Бартель иеленді.

Сайыстың барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе