ТМД елдерінің білім саласындағы ынтымақтастығы арттырылмақ

ТМД елдерінде білім саласындағы ынтымақтастық деңгейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы таяуда Минск қаласында аяқталған сарапшылық топтың отырысында әңгіме етілді, деп хабарлады БЕЛТА.Отырыс қатысушылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік басқару саласындағы кадрларды даярлау, мұғалімдер мен білім қызметкерлерінің съезі туралы ереже, педагогикалық шеберлік халықаралық фестивалі туралы ереже, Үкімет басшыларының бұл мәселелер бойынша кеңесінің шешімдері бойынша базалық ұйым ережелері жобасын соңына дейін аяқтау және келісу мәселелеріне баса көңіл бөлді. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ТМД Атқарушы комитетіне келісілген құжаттарды бекітілген тәртіппен Үкімет басшылары кеңесінің қарауына енгізуді ұсынды.

Атап өтілгендей, жиында білім беру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту, педагогтардың кәсіби жұмылу деңгейін арттыру, өзара әрекеттесудің жаңа формалары мен механизмдерін белсенді іздеу қаралды. 

Сарапшылық топтың отырысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе