С.Толыбеков атындағы экономика саласының үздік ғылыми зерттеулер сыйлығының иегерлері белгілі болды

АЛМАТЫ. 20 Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының жас ғалымдары арасындағы Серғали Толыбеков атындағы экономика саласы бойынша үздік ғылыми зерттеулер сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. «Болашағы бар инновациялық кластерлерді дамыту тұжырымдамасы: жас ғалымдардың көзқарасымен» деп аталатын дөңгелек үстел жиналысында оларды марапаттау рәсімі болды.Бұл байқау ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институтының тұңғыш директоры Серғали Еспембетұлы Толыбековтің құрметіне арналған болатын. Онда байқау жеңімпаздарына ҚР ҰҒА-ның  корреспондент мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, саяси экономика, экономикалық тарих және фольклористика салаларындағы көрнекті ғалымның есімімен аталатын «С.Толыбеков атындағы лауреат» атағы берілді. Байқаудың бірінші лауреаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институты директорының орынбасары Ғалымжан Дүйсеннің айтуынша, оған биыл 12 үміткер 14 тақырып ұсынған көрінеді. Сарапшылар олардың арасынан бірінші орынға Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің 2-ші курс магистранты Екатерина Семикинаның «Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын модельдеу мен болжауда эконометрикалық әдістерді қолдану» деген жұмысын үздік деп тапқан. Екінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-ші курс магистранты Азимжан Хитахунов, ал үшінші орынды Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің 1-ші курс магистранты Әнел Үсенова иеленді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе